русский язык
Футбол

Ақтөбелік жанкүйерлер Демеуовты орнынан кетуін талап етуде

Ақтөбелік жанкүйерлер Демеуовты орнынан кетуін талап етуде

Ақтөбелік жанкүйерлер Қобыланды батыр атындағы стадион басшысының қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Чемпиондар лигасы аясындағы жергілікті команданың ойынына билет бітіп қалғанын олар Қажымұқан Демеуевтен көріп отыр.

-Демеуов отставкаға кетсін... Кетсін!!!

Жанкүйлер стадион директорына қатты өкпелі. Тәртіп сақшылары қоршап алмағанда, кабинетіне  баса көктеп кіруге де шақ қалды. Себебі, «Ақтөбе» мен Румыниялық «Стяуа» командасының арасындағы ертеңгі ойынға жарты күн өтпей жатып билет бітіп қалған. Оны алыпсатарлардың қолында кетті деген жұрт мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынына қапалы. Билеттерді бір жерден емес, қаланың әр бұрышынан арнайы қондырғымен сатуды бұрын да ұсыныпты. Бірақ Қажымұқан Демеуовтің жанкүйерлермен санасатын түрі жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;