русский язык

Кикбоксингтен мықтылар анықталды

Кикбоксингтен мықтылар анықталды

Ақтауда кикбоксингтен ересектер арасындағы  5-ші халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Кazakh tv арнасы.

Байрақты бәсеке 10 салмақ дәрежесі бойынша өтті.Бұл жарыс халық батыры, Ер Қосай Құдайкеұлының құрметіне арналды. Сайыста Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Қырғызстан, Түркіменстан және, Тәжікстанның мықтылары бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Шаршы алаңда Қазақстанның 8 кикбоксшысы қарсыластарын тізе бүктіріп, 1 орынды иеленді. Соның бірі - 91 келі салмақтағы маңғыстаулық Шыңғыс Ысқақов. Ол  ақтық айқаста қарсыласын жойқын соққысымен есеңгіретіп жіберді.

Шыңғыс ЫСҚАҚОВ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:
- Финалда осы Өзбекстан спортшысымен шықтым. Жеңіске жеттім. Енді Алла қаласа Анапаға барамын. Соған Әлем кубогына дайындаламын.  

Есенмұрат СЕЛИКОВ  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «КИК-ТАЙ БОКС» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- 15 халықаралық дәрежедегі спортшылар қатысты. 120 дан астам спортшылар келді. Соның ішінде мықтылар келді. Мына халықаралық турнир,  біз енді Қазақстанда бұқаралық спортты көтеріп елге танытып  жатырмыз. Бұдан әрі әлем кубогына дайындық. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;