Неманья Йованович: «Спартактың» ҚПЛ-да қалуына шамасы жетеді»
![Неманья Йованович: «Спартактың» ҚПЛ-да қалуына шамасы жетеді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406623527_900131501.jpg?v=28701348)
Семейлік «Спартактың» шабуылшысы Неманья Йованович «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берген кезде командасының ҚПЛ-да қалуына шамасы жететінін айтты.
- Неманья, команданың соңғы көрсеткен нәтижесіне қарамастан, «Спартакта» қалғыңыз келеді ме?
- Иә. Маған Семей қаласы ұнайды әрі отбасыма да жайлы.
- «Спартак» премьер-лигада қалуы мүмкін бе?
- Соңғы кездері жақсы ойын өрнегін көрсетудеміз. Жуырда жаңа кезең басталады, егерде осы қарқынмен жалғастыра берсек сонда біз соңғы орыннан көтеріліп, премьер-лигада қалуымыз мүмкін.
- Қаржылық жағы қалай? Жалақы дер кезінде төленеді ме?
- Иә. Дәл уақытында береді жалақыны. Қаржылық жағдайымыз жақсы.
- «Қайратқа» қарсы өткен матчта не кедергі болды?
- Мұндай мықты қарсыласпен әрі осындай стадионда ойнау қиын болды. Менің ойымша, біздің сәл жолымыз болмады. 1:2 есебімен ұтылып жатқанда пенальти тағайындалмағандығы ойын тағдырын өзгертіп жіберді.
- Путрушин кейбір футболшылардың көрсеткен ойынына көңілі толмайтындығын айтты. Ойын соңында не деді?
- Қатты ұрысқан жоқ. Біз қандай жағдайда екенімізді жақсы түсінеміз. Ешкім 1:4 есебімен ұтылғанды қаламайды. Бапкер ертесі бізге қай жерден қате жібергенімізді асықпай түсіндіріп айтты. Ойын соңында босаңсып,бес минуттың ішінде екі гол өткізіп алғанымыз үшін де ұрысып алды.