русский язык
Футбол

«Стяуа» фанаты: «Қызық, бізді Ақтөбеде Борат күтіп ала ма екен?»

«Стяуа» фанаты: «Қызық, бізді Ақтөбеде Борат күтіп ала ма екен?»

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» кездесетін румыниялық «Стуяуаның» фанаттары өз командасының қазақстандық клубты артта қалдыратынына сенімді, деп хабарлайды sport.nur.kz.

Румындар Facebook желісіндегі парақшасында үшінші раунд туралы пікірлерін айтты. Төменде солардың кейбірі ұсынылады.

Valy Vasyle

«Ақтөбе» бізден мықтымыз деп ойлай берсін. Бірақ біз бәрібір жеңімпаз болып шығамыз.

Adi Ungureanu

Қазақстанға барып, оларды 0:2 есебімен жеңеміз. Сосын дәл осы есеппен өз алаңымызда да қапы қалдырамыз. 4:0 және біз келесі кезеңдеміз.

Cristian Dicu

Біз, әрине, 4:0 есебімен тас-талқан ететін мадридтік «Реал» емеспіз. Бірақ олардан өте алатынымызға күманданбаймын.

Florin Iacob

«Ақтөбенің» қаншалықты мықты екенін білмеймін, бірақ топтық кезеңге өтуге міндеттіміз. Тек қана «Стяуа»! Тек қана жеңіс!

 Cosmin FcSb

Құдай-ау! «Ақтөбенің» біздің жұлдыздарымызға қарсы ешқандай мүмкіндігі жоқ!

 Zuziac Claudiu

Неліктен біздегілер Чемпиондар лигасына орай жақсы ойыншыларды сатып алмайды? Біздің құрамымызда қиындықтар бар екенін басшылық қашан байқайды?

 Laurentiu Maxim

Қызық, 4-ші кезеңде кіммен ойнайды екенібз? Қанша дегенмен, осы раунд аса қызық емес. Қарсыласымызға әліміз келетіні анық. Бір ғана сұрақ қалды: оларды қандай есеппен Чемпиондар лигасынан ұшырамыз?

 Alex PN

Ақтөбеге кім барады? Қызық, бізді Борат күтіп ала ма екен?

2-ші іріктеу кезеңінде тбилисилік «Динамоның» да жанкүйерлері біздің клубты менсінбей, келесі раундқа өтетініне сенімді болған. Алайда грузиялықтар қос ойында да «Ақтөбеге» жол бергенін естеріңізге саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;