Кетевоама: «Біз өз алаңымызда жеңіске жетуге міндеттіміз»
![Кетевоама: «Біз өз алаңымызда жеңіске жетуге міндеттіміз»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406536648_34700499.jpg?v=28701856)
Елордалық «Астананың» жартылайқорғаушысы Кетевоама Еуропа Лигасындағы қарсыласы АИК туралы ойымен бөлісті, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.
«Біз АИК-ке қарсы матчқа тыңғылықты дайындалып, «Атырауға» қарсы көрсеткен ойыннан мықтырақ ойнауымыз қажет. Мен ол команда туралы аз білемін, бір-екі матчын көрмегенім болмаса. Ең бастысы сырт алаңда оңай болу үшін, өз алаңымызда жеңіске жетуіміз керек», - деді Кетевоама.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен АИК арасындағы алғашқы ойын 31 шілде күні 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.