русский язык
Теннис

Зарина Дияс Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Зарина Дияс Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс 28 шілде - 3 тамыз аралығында Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады.

 Биылғы Уимблдон турнирінде сәтті өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте 53-орынға дейін көтерілген Зарина содан бері көрінбей кеткен еді. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Вашингтондағы турнирге Люси Шафаржова, Екатерина Макарова, Ализе Корне, Слоан Стивенс, Светлана Кузнецова сынды белгілі теннисшілер қатысады. Осылардың арасынан суырылып шығуға З.Диясқа да мүмкіндік бар. Дәл осы мезгілде Стэнфорд қаласында әйелдер арасында тағы бір турнир өтеді. Мұнда жүлде қоры да (710 мың доллар) қомақты, қарсыластар да әлдеқайда мықты (Серена Уильмс, Агнешка Радваньска, Виктория Азаренко және басқалар). Бұл екі жарыс та 25 тамыз - 8 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін Американың ашық чемпионатына дайындық есебінде болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;