русский язык
Футбол

Сұлтан Әбілдаев: «Екінші кезеңде «Қайсар» қарқынын қазіргіден де арттырады»

Сұлтан Әбілдаев: «Екінші кезеңде «Қайсар» қарқынын қазіргіден де арттырады»

«Қайсар» - «Жетісу» кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берген алаң иелерінің жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаев жанкүйерлерді команданың ел чемпионатында үздіктер қатарынан орын алуымен құттықтады.

• Ойын туралы
«Бүгін ең бастысы нәтиже болды. Сондықтан, футболшылардың көбінесе қорғанысқа қарайлап ойнағандары рас. Қазір үздік алтылықтан орын алдық. Енді бар өнерімізді салатын боламыз».

• Командаға жаңа қосылған ойыншылар жөнінде
«Оларға командаға толық бейімделіп кету үшін әлі біршама уақыт керек. Бабына келген соң алаңға шыға бастайды. Жалпы қазіргі таңда кім дайын, алаңға солар шығады».

• «Қайсардың» әлсіз шебі
«Әлбетте, әр сәтсіз ойыннан кейін қателіктерімізді талқыламыз. Бірақ бұл команданың ішінде қалатын нәрсе. Жалпы, сіздердің «Қайсардың» жартылай қорғанысы әлсіз деген пікірлеріңізбен келісуге де, келіспеуге де болады».

• Ел чемпионатының екінші кезеңі
«Ең бастысы, үздіктер қатарында қалдық. Енді біз мықтыларға қарсы ойнаймыз. Қызылордаға «Ақтөбе», «Шахтер», «Астана», «Қайрат» сияқты командалардың келетіні сіздерге де жанкүйерлерге де, бізге де жақсы. Өз тарапымыздан ел чемпионатының екінші кезеңінде барымызды салатынымызға уәде береміз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;