русский язык
Футбол

Сергей Трубицин: «Қайсардың» қарқыны қатты болды»

Сергей Трубицин: «Қайсардың» қарқыны қатты болды»

Есеп ашылмаған «Қайсар» - «Жетісу» кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берген талдықорғандық команданың жаттықтырушысы Сергей Трубицин алаң иелерінің әлеуеті зор екенін айта келе «Жетісу» командасының да жағдайы мәз емес екенін тілге тиек етті.

• Ойын жайлы
«Қайсар» командасын үздік алтылықтан орын алуларымен құттықтаймын. Қызылордалықтар бұған әбден лайықты. Бас бапкердің жұмысы көрініп тұр».

• «Қайсар» сапындағы үздік ойыншылар
«Маған «Қайсар» команда ретінде ұнады. Бәрі де алаңда барын салып ойнап жүр. Бас бапкердің біліктілігінің арқасы ғой мұның бәрі. Әлбетте, Сергей Струков сынды тәжірибелі ойыншылары да бар».

 • Ойыншылар алмастыруы туралы
«Өздеріңіз де көрдіңіздер, қосалқы құрамда ойынды күшейте алар ойыншылар көп болған жоқ. Сондықтан, барына қанағат етуімізге тура келді. Негізгі құрамда алаңға шыққан футболшылармен-ақ кездесуді аяқтауға болар еді, бірақ Тарас Данилюк пен Сергей Шафф шаршап қалған соң олардың орындарына Ковалев пен Дидье Кадионы шығардық».

 • «Жетісудың» қаржылық жағдайы
«Негізі команда футболшылары айлықтарын уақытылы алып отырады. Бірақ жыл басынан бері сыйақыларын алған жоқ. Сондай-ақ, өткен жылғы қарыздардың да проблемасы әлі шешілмеді».

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;