Гран-при додасы Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды
![Гран-при додасы Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406486261_293749844.jpg?v=28697251)
Шілденің 25-сі мен 27-сі аралағында Алматы қаласындағы өткен Гран-При додасының ақтық күнінде Қазақстан мен Чехия құрамалары кездесті.
«Балуан шолақ» спорт кешенінде жарыстың айқын фавориттеріне қарсы өткізген кездесуде Қазақстан құрамасы алғашқы екі партияда 16:25,24:26 есбімен жеңіліс тапты. Үшінші партияда тегеурінде қарсылық көрсетіп, 27:25 есебімен түзе бүктірді Чехия қыздарын. Ал соңғы шешуші кезеңде қыздарымыз қарсыластарына 16:25 есебімен жол берді.
Әлемдің Гран-при. Алматы
Қазақстан – Чехия 1:3 (16:25, 24:26, 27:25, 16:25)