русский язык
Бокс

Назарбаев Головкинді құттықтады

Назарбаев Головкинді құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аустралиялық Дэниэл Гилден басым түскен Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды 24.kz.

«Лайықты қарсыласпен әділ күресте сен ер мінезіңді, жоғары рух және керемет физикалық дайындығыңды  көрсетіп, тағы да көшбасшылығыңды дәлелдедің, Қазақстанның беделін халықаралық деңгейде көтердің. Біз сенің жеңісіңмен мақтанамыз», - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, амандық және кәсіпқой рингте жарқын жеңістер тіледі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;