русский язык
Футбол

«Ордабасы» мен «Тараз» тең түсті

«Ордабасы» мен «Тараз» тең түсті

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Қазақстан чемпионатының 21-ші туры аясындағы «Таразға» қарсы матчта соңғы минуттарда қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.

Шыны керек, ойында есеп ашылмай кететіндей көрінген болатын. Алайда 70-минутта Артем Касьянов алыстан қақпа маңдайшасының астын дәл көздеп, алаң иелеріне жеңісті алып келгендей еді. Бірақ он минуттан кейін ойынға тыңнан қосылған Олександр Яровенко қақпашымен бірге-бір шығып, қонақтарға бір ұпайды алып келді. Бұл голдан кейін «Тараз» қорғанысқа жатып алса, «Ордабасы» үш ұпай еншілеуге тырысып, алға ұмтылды. Десе де, қонақтар қате жібермей, сапалы қорғана білді.

Бір айта кетерлігі, Касьяновтың голы өте әдемі орындалды, шамасы осы турдың, тіпті, чемпионаттың үздік голдарының бірі болды.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 21-шы тур.

«Ордабасы» - «Тараз» - 1:1 (0:0)

Гол: Касьянов 70 – Яровенко 80

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;