русский язык
Футбол

Бүгін Еуропа Лигасы!

Бүгін Еуропа Лигасы!

Бүгін Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесулері өтеді. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Эсьбергпен» келесі кезең жолдамасын сарапқа салса, «Астана» Кипрде «Хапоэльмен» күш сынсады. Ал қарағандылық  «Шахтер» өз алаңында «Атлантасты» қабылдайды.

Жаңа маусымның бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық үш клуб – «Шахтер», «Астана» және «Қайрат» алғашқы ойындарын өткізген болатын және де үкілеп қосқан үш командамызда келесі айналымға жолдама алды. Бүгін сол жеңісті серия жалғасын таппақ деп ойлаймыз.

Екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынын «Қайрат» пен «Астана» сырт алаңда, ал «Шахтер» өз алаңында өткізеді. Алматылық ұжым даниялық «Эсьберг» командасымен, елордалық «Астана» израильдің «Хапоэль», қарағандылық «кеншілер» литвалық «Атлантаспен» кездеседі.

«Эсьберг» - «Қайрат» ойыны Астана уақытымен 22:55-де, «Хапоэль» - «Астана» - 23:00-де, ал «Шахтер» - «Атлантас» кездесуі 18:30-да басталады.

Кеше ел чемпионы «Ақтөбе» қос кездесу нәтижесі бойынша тбилисилік «Динамоны» (0:1, 3:0) тас-талқан етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;