русский язык
Футбол

Константин Сарсания: «Бізді мықты қарсылас күтіп тұр»

Константин  Сарсания: «Бізді мықты қарсылас күтіп тұр»

Ойын алдындағы баспасөз-мәслихатында «Атлантатың» бас бапкері Константин Сарсания «Шахтерға» қарсы өткен алғашқы матчтың нәтижесі біраз қобалжытатынын айтты.

– Алда бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр, ойын да қиын болады. Біздің бұған Клайпедадағы алғашқы матчта көзіміз жетті. Сол кезде қонақтар УЕФА Еуропа Лигасында көпке баратынын дәлелдеді.

– Константин Сарсания, қос ұжымның жеңіске жетуге деген мүмкіндігі қандай?

– 50-де 50. Әрине, «Шахтер» өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауымен ойнайды, бірақ біз қарымта ойынға тыңғылықты дайындалып келдік. Қазақстандық ұжым физикалық тұрғыдан мықты болса, біз жылдам қимылдың арқасында кез келген командаға тосынсый жасай аламыз. «Атлантас» қорғаныстан шабуылға лезде шығып ойнайды.

– Клайпедадағы алғашқы матчтағы «Шахтердың» ойыны сізге қандай ой қалдырды?

– Жақсы, тәжірбиелі ұжым. Алаң иелерінің басты қаруы – стандартты жағдай мен аут. Ойыншылардың ішінен Михер Топчагичті, тәжірбиелі Андрей Финонченконы және жартылай қорғаушылар Ұлан Қонысбаев пен Никола Покривачты атап өткім келеді.

– Алдағы ойыннан не күтесіз?

– Қос команда да әдемі және мықты футбол көрсеткенін қалаймын. Жанкүйерлер күткендей ойын болсын, әрине тек мықтысы жеңсін деп тілеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;