русский язык
Велоспорт

«Тур де Франс». Нибали 16-шы кезең қорытындысы бойынша орнын сақтап қалды

«Тур де Франс». Нибали 16-шы кезең қорытындысы бойынша орнын сақтап қалды

22-ші шілде күні «Тур де Франс» 16-шы кезеңі мәресіне жетті. Велошабандоздар Каркассон – Баньер-де-Люшон бағыты бойынша 237,5 шақырымды басып  өтулері қажет болды.

«Тур де Франс» велобәйгесінің ең ұзын 16-шы кезеңінде (237, 5 км) «Team Tinkoff-Saxo» командасының спортшысы австралиялық Майкл Роджерс жеңіске жетті. «Астана» велошабандоздарының арасында жақсы нәтижені Винченцо Нибали көрсетті. Ол жеңімпаздан 8 минут 32 секунд қалып, 20-шы болып келді.

Ал, жалпы есепте «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали 1-ші орында келеді. 2-ші орында 4 минут 37 секунд қалып келе жатқан испаниялық Алехандро Вальверде («Movistar»). 3-ші орындағы франциялық шабандоз Тибо Пино («FDJ.fr») Нибалиден 5 минут 6 секунд секунд артта келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;