русский язык
Футбол

Андрей Харабара: «Ақтөбе» жеңіске жететініне сенімім мол»

Андрей Харабара: «Ақтөбе» жеңіске жететініне сенімім мол»

Жуырда ғана Украинада ота жасатқан «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Андрей Харабара «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне грузиндік команданы қалай ұтуға болатынын айтты.

«Барлық позицияда дұрыс ойнап, бас бапкер қойған нұсқауды орындасақ міндетті түрде жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Барлығы жақсы болатына сенімдімін. Командама сәттілік тілеймін!», - деді Андрей.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында ел чемпионы «Ақтөбе» өз алаңында «Динамо Тбилисиді» қабылдайды. Кездесуді  «KAZспорт» телеарнасы сағат 21:00-де тікелей эфирде көрсетеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;