русский язык
Футбол

Лионель Месси 53 миллион еуро салық төлейді

Лионель Месси 53 миллион еуро салық төлейді

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси жақын арада көп шығындалмақ.

Бұл туралы La Vanguardia хабарлайды.

Бұл сомаға ойыншының жалақысына, мүлкіне және демеушілік келісімдер үшін салықтар кіреді.Сонымен қатар, оның ішінде 2010-2012 жылдары төленбеген салық үшін 22,4 миллион еуро бар. Оның үстіне 2007-2009 жылдары табысын мағлұмдамағаны үшін үш миллион еуро айыппұлдық санкция қосылуы мүмкін.

Дереккөзге сенсек, Месси жеті жылда 100 миллион еуро салық төлеген.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;