русский язык

Қазақстандық көкпаршылар Қытайдағы халықаралық додада топ жарды

Қазақстандық көкпаршылар Қытайдағы халықаралық додада топ жарды

Қытайда Іле-Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына байланысты 12-17 шілде күндері ұйымдастырылған көкпар жарысы аяқталды.


Жарыс Қытайдағы Моңғолкүре ауданының Қарағанты жайлауында өтті. Достық кездесуге Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және жергілікті Қытай қазақтарының көкпар ойыншылары қатысты. Финалда қазақ көкпаршылары Қытай командасын ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бас жүлдеге 50 июань берілді.


«Үш күнге жалғасқан көкпарды тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналып, ыстық ықыласын танытты. Халықтың мұндай қызығушылығы, бізді сөзсіз қуантты», - дейді, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;