русский язык
Футбол

Марат Хайруллин: «Мақсатымыз жартылай орындалды деп есептемеуіміз қажет»

Марат Хайруллин: «Мақсатымыз жартылай орындалды деп есептемеуіміз қажет»

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч алдында тбилисилік «Динамоға» қарсы жекпе-жектің тағдыры шешілмегенін айтты.

«Мақсатымыз жартылай орындалды деп есептемеуіміз қажет, бұл үлкен қате болуы мүмкін. Алаңға бірінші матч болмағандай шығу керек. Грузиндерден кез-келген нәрсені күтуге болады, шабуылда мықты. Сондықтан ең батыл қарсылыққа дайын болуымыз қажет. «Динамо» ойыншыларына жоғалтар түк жоқ, олар 100% барын салады», - деді футболшы uefa.com сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, 16 шілдеде Тбилисиде болған алғашқы ойында ақтөбеліктер 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;