русский язык
Футбол

«Ақтөбе» фанаттарының қолдауынсыз қалуы мүмкін

«Ақтөбе» фанаттарының қолдауынсыз қалуы мүмкін

Чемпиондар лигасының тбилисилік «Динамоға» қарсы қарымта матчында ақтөбелік футболшыларға өздерінің сенімді жанкүйерлері көмектесе алмайды.

«Соңғы сегіз жылда «Ақтөбе» бірінші рет осындай оғаш оқиғамен жолығып отыр. Стадион дирекциясының мисыздығы мен өресіздігінің және клуб басшылығының немқұрайлы қарауының кесірінен команда тарихында алғаш рет өз алаңындағы еурокубоктық матчты фанаттық қолдаусыз өткізеді.

Билет сатылар күнде жыл сайынғы дағды мен келісімге қарамастан Демеуов мырза фанаттық трибунаға билеттердің сатылып кеткенін айтты.

Осындай жағдайлардан кейін ащы дақ қалады. Оларға керек кезде, фанаттар – клубтың мақтанышы, қаланың визит карточкасы, «жанкүйерлермен жасалған жұмыстың» нәтижесі және т.б. Енді олардың қызығы ауысқанда «бізде фанаттар жоқ, ондайларды танымаймын», - делінген «Ақтөбе» ФК-ның фанаттар хатында.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы матч 23 шілдеде өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;