русский язык

Ильин: «Әлем чемпионатында 99.9% алтын аламын деп ойлаймын»

Ильин: «Әлем чемпионатында 99.9% алтын аламын деп ойлаймын»

Анатолий Храпатыйды еске алу турнирінде екінші орын алған Илья Ильин өз өнеріне баға беріп, әлем чемпионатына дайындығы туралы пікірін айтты.

«Менің екі жыл ойнамағанымды ескерсек, бәрі тамаша өтті. Жұлқа көтеруде біраз қосқанмын. Турнирдегі өнеріме керемет деп баға беремін және барымды салдым деп ойлаймын. Әлі де жұмыс жасайтын жерлерім бар. Әлем чемпионатына дейін дайын боламын, 99.9% алтын аламын деп ойлаймын. Біз өзімізді әлемдік додаларда, Азия ойындарында көрсетуіміз керек, себебі біз ауыр атлетиканың державасы боп саналамыз. Осы жерде таңғажайып өнер көрсетіп, ол жақта 5-6 орын алмауымыз керек», - деді Илин.

Естеріңізге сала кетсек, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда 8-16 қарашада өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;