русский язык
Футбол

Владимир Белявский: «Қызметімнен кетуімнің басты себебі - Юревтің сырқаттануы»

Владимир Белявский: «Қызметімнен кетуімнің басты себебі - Юревтің сырқаттануы»

«Атырау» клубының бас бапкері Владимир Белявский «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында өзінің қызметінен не себепті кеткені жайлы айтып берді.

- Владимир Иванов, сіз расында «Атыраудан» кеттіңіз бе?

- Иә, бүгін қызметімнен босату жөнінде шешім қабылданды.

- Себебі?

- Ең басты себебі – Анатолий Юрев үйіне қайтып кетті. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, жақын арада ота жасатқан болатын, сол себепті қазір үйінде.

- Денсаулығы қалай?

- Денсаулығы баяу болса да жақсарып келеді. Әкім ол кісіге хабарласып, қашан жұмысына орала алатынын сұраған болатын. Алайда дәрігерлер әзірше үйінде болу керек екендігін айтты. Сондықтан ол кісі келмейді.

- Анатолий Ивановтың өзі қайта оралғысы келді ме?

- Иә, әрине.

- Түсінуімше, келісімшарт бұзылды. Ақша мәселесін қалай шештіңіздер?

- Ешкім ақша төлемейді, өзара келісім бойынша тыныш қана шештік.

- Сіз Анатолий Юревпен бірге жұмыс істейсіз бе?

- Әзірше белгісіз. Алдымен онымен сөйлесу керек. Маған да үйге қайтуға болар еді.

 «Атырау» клубының бапкерлік қызметіне бұрынғы «Ақтөбенің» жаттықтырушысы Владимир Никитенко келуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;