русский язык
Футбол

«Ақтөбе» мен «Динамо» кездесуіне билет тапшы

«Ақтөбе» мен «Динамо» кездесуіне билет тапшы

Ақтөбеде орталық стадион алдында таңнан бері билетке ұзын-сонар кезек, деп мәлімдейді 24.kz сайты.

Бұл жерде UEFA чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойындарында «Ақтөбе» футбол командасы Тбилисидің «Динамосымен» кездеседі. Жанкүйерлер билет алу үшін касса алдына таң сәріден жиналған. Стадионда 15 касса жұмыс істейді. Билет құны ересектерге 1000, ал балаларға 500 тенгеден басталады. Бір кассада мүгедектер мен ауған соғысы ардагерлеріне билеттер жеңілдікпен сатылуда. Алайда ойынды тек 12 мың жанкүйер ғана стадионда көре алады. Ал спортбасшылары ойынды тікелей тамашалау үшін үлкен мониторлар орнататындарын айтады. Айта кету керек, ойын алдағы сәрсенбі күні өтеді. Естеріңізге сала кетейік, ақтөбеліктер осыған дейінгі кездесуде грузиялық әріптестерінен 1 ұпай басым түсіп, жеңіске жеткен еді.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;