русский язык
АВТО/МОТО

«Astana Motorsports» командасы «Баха Испания Арагон» жарысында топ жарды

«Astana Motorsports» командасы «Баха Испания Арагон» жарысында топ жарды

Шілденің 18-і мен 20-ы аралығында Испания елінде «Astana Motorsports» командасының көшбасшысы Артур Ардавичус «Баха Испания Арагон» жарысында топ жарды. 

Алтыншы әлем кубогының кезеңі саналатын сында жерлесіміз жүк көлігі категориясында үш күн бойы қарсыласқа мүмкіндік бермей, үздік болды. Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы атынан 1 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қатысты. 

Артур АРДАВИЧУС «Astana Motorsports» командасының мүшесі:

Қазақстандық команда «Баха Испания Арагон» жарысында бірінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Қашықтығы ұзақ болмаса да, Дакар жолын еске түсірді. Көптеген кедергілерге тап болдық, соған қарамастан жеңіске жеттік. Өте қуаныштымыз. 
Өзге экипаждарға келетін болсақ, жолсызда жүретін көлікті Айдын Рахымбаев пен штурманы Антон Николаев жүргізді. Ал MINI All-4 Racing категориясында ел намысын Бауыржан Исабаев пен Владимир Демьяненко қорғады. Рахымбаевтың экипажы үшінші күні жарыс жолынан шығып қалса, Исабаевтың экипажы үздік ондықта жарысты аяқтады. Енді «Astana Motorsports» командасының мүшелері Марокко елінде өтетін беделді раллиге дайындалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;