русский язык
Футбол

Дунга Бразилия құрамасының тізгінін ұстады

Дунга Бразилия құрамасының тізгінін ұстады

Бразилия футбол конфедерациясы ұлттық құраманың бас бапкері боп футболсүйер қауым арасында Дунга есімімен танымал Карлос Каэтано Бледорн Верридің тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды O Globo.

Дунганың кандидатурасын CBF-тің қазіргі басшысы Жозе Мария Марин мен осы міндеттегі оның болашақ ізбасары Марко Поло дел Неро қолдады. Дунга пентакампеондардың бапкері ретінде 22 шілдеде ресми таныстырылады.

Ойыншы ретінде Дунга жеңімпаз атанған 1994 жылғы және күміспен күптелген 1998 жылғы әлем чемпионаттарында  Бразилия құрамасының капитаны болды. Ал бас бапкер ретінде ол «Селесоны» 2006 жылдан 2010-ға дейін жаттықтырып, 2007 жылы Америка кубогы мен 2009 жылы Конфедерация кубогында жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;