русский язык
Баскетбол

«Астана» баскетбол клубының қарсыластары анықталды

«Астана» баскетбол клубының қарсыластары анықталды

Бүгін Мәскеуде 2014/2015 бірыңғай ВТБ лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ЦСКА баскетбол клубының ресми сайты.

Қазақстанның жалғыз командасы «Астана» В тобына түсті. Елордалықтар ресейлік УНИКС (Казань), «Химки», «Красные Крылья» (Самара), «Автодор» (Саратов), литвалық «Летувос Ритас» (Вильнюс), «Литкабелис» (Паневежис), «Невежис» (Кедайняй), латвиялық ВЭФ (Рига), финдік «Нилан Байзонс» (Хельсинки) және белоруссиялық «Цмоки-Минск» командаларымен күш сынасады.

А тобына ресейлік ЦСКА (Мәскеу), «Нижний Новгород», «Локомотив-Кубань» (Краснодар), «Красный Октябрь» (Волгоград), «Зенит» (Санкт-Петербург), «Енисей» (Красноярск), литвалық «Нептунас» (Клайпеда), «Дзукия» (Алитус), эстондық «Калев (Таллин), чехиялық «Нимбурк» және уайлд-кардқа ие болған команда түсті.  

Бірыңғай ВТБ лигасының жаңа маусымы қазан айында басталып, келер жылдың сәуір айында аяқталады. Плей-офф кезеңнің ойындары келер жылдың сәуір-маусым айларында өтеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;