русский язык
Футбол

«Рекреативо» ойыншылары «Барселона» қақпасының аңғарына бір соққы да жасай алмай жеңілді

«Рекреативо» ойыншылары «Барселона» қақпасының аңғарына бір соққы да жасай алмай жеңілді

«Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике бұл ойын бойынша негізгі құрам туралы тұжырым жасауға ерте екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, каталониялықтар  «Рекреативоны» 1:0 есебімен жеңді. Энрике шәкірттері қарсыласына өз қақпасының аңғарына бір соққы да жасатпады.

«Маусымды жақсы бастадық. Негізгі де, қосалқы құрамның да ойыншылары бұл ойынға жақсы дайындалды. Әзірше ешқандай қорытынды шығарудың қажеті жоқ, әлі ерте. Бұл кезеңде ойыншыларды ерекше мақтаумен немесе сынмен бөліп жаруға болмайды. Маған олардың физикалық жағдайын білу маңызды болды», - деді Энрике.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;