русский язык
Бокс

Головкин мен Гил кездесуін 100-ге жуық ел көреді

Головкин мен Гил кездесуін 100-ге жуық ел көреді

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер оның клиенті мен Дэниэл Гилдің кездесуі әлемнің 100-ге жуық елінен көрсетілетінін айтты.

«Билеттер тез сатылып жатыр. MSG-де мұндай сатылымға қуанышты. Кездесу жарияланғаннан бері олар жақсы пікір айтып жатыр. Өз титулын қорғап қалатын Генний мен бұрын НВО қатарына кіріп, бүгінде көбі сенім артатын Дэниэл Гил арасындағы кездесу бұл жағдайды өте маңызды қылып көрсетеді. Бүгінгі күнде сатылымдар ложаларды қосқанда трибунаның астыңғы қатарына дейін жетті. Шамамен бұл 11 мың билетті құрайды. Бұл Геннадийдің Мэдисон Сквер Гарден театрында Кертис Стивенске қарсы өткізген алдыңғы кездесуіне қарағанда өте жақсы көрсеткіш және біз 26 шілде де көп жанкүйерді күтеміз.

Бұл жұдырықтасуды НВО-ның көрсететінін былай қойғанда, 100-ге жуық ел трансляция құқығын сатып алған. Бұлардың ішінде Аустралиядан PPV бар екенін білемін, бұл кездесу бүкіл әлемге қызықты. Барлық төрт боксшы да мәнсабының басында, сондықтан бұл кездесулер өте маңызды», - деді Леффлер.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;