русский язык
Футбол

Кейлор Навас: «Ешқандай клубпен келісім-шартқа отырған жоқпын»

Кейлор Навас: «Ешқандай клубпен келісім-шартқа отырған жоқпын»

Испаниялық «Леванте» мен Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навас мадридтік «Реалдың» сапына әлі ауыспағанын айтты.

Испаниялық Marca басылымы 27 жастағы қақпашының «Корольдік клубқа» ауысты деп хабарлаған болатын.

«Жақын арада сіздермен тағы да кездесіп, жағдайымды анығырақ айтамын деп үміттенемін. Әзірше бәрі жақсы, бірақ ешқандай клубпен келісім-шартқа отырған жоқпын. Қазір күтіп жүрмін»,- деді Навас.

Естеріңізге сала кетсек, Кейлор өз құрамасымен бірге Бразилиядағы әлем біріншілігінің ширекфиналына дейін жеткен болатын. Ол бес матчта тек екі гол жіберіп, үздік қақпашы атағына номинацияланған болатын. Бірақ турнирдің үздік қақпашысы боп Мануэль Нойер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;