русский язык
Футбол

Роналдудың анасы: «Криштиану құрсағымда болғанда, түсік тастағым келді»

Роналдудың анасы: «Криштиану құрсағымда болғанда, түсік тастағым келді»

«Аналық ерлік» автобиографиясында Долорес Авейро әлем мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысын көре алмауы мүмкін болғанын айтты.

«Менің түсік жасағым келді, бірақ дәрігер менің бұл шешімімді қолдамады», - деді Авейро жаңа кітабында. Дәрігер бас тартқан соң болашақ әлем футболы жұлдызының анасы шаруаны өз қолына алған: ыстық эля ішіп алып, барлық күші біткенше жүгірген, бірақ бұл да көмектесе алмады.

Криштину Роналдудың өзі кітаптың тұсаукесер рәсімінде болмады, бірақ Долорес Авейро ұлы бұл ісін білетінін айтты.

«Бұны білген соң, ол маған былай деді: «Ана, сенің түсік жасағың келді, ал енді үйімізді мен ұстап отырмын».

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;