русский язык
Футбол

Алдин Джидич: «Бүйтіп өз анаңа ысқырасың» деп айттым. Жеке басына тиіскен жоқпын»

Алдин Джидич: «Бүйтіп өз анаңа ысқырасың» деп айттым. Жеке басына тиіскен жоқпын»

Қарағандылық «Шахтердің» қорғаушысы Алдин Джидич «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында не себепті Қазақстан чемпионатынан аластатылғаны туралы айтып берді.

- Алдин, сіз жеті кездесуге қатыспайсыз. Көп емес пе?

- Мен ешбір жаман сөз айтқан емеспін. Тым қатаң жазалаудың керегі жоқ еді деп ойлаймын. Ондай жағдайда, барлық ойыншыларды жазалау керек. Алаңда әрқашан ондай жағдай болып тұрады. Мысалы, «Қайратқа» қарсы өткен кездесуде Смақов төрешіге жақындап жаман сөз айтты.

- Төреші сені түсінді ме?

- Қайдам, түсінбеген болар. Әрине, мен ойын барысында уайымдадым, бірақ әр футболшы мұндай сезімді бастан кешеді емес пе? Түсінбеймін, не үшін бұлайша жазалағанын. «Астана» ойыншылары да төрешімен сөзге келіп қалды, ал бас қазы болса оларға сары қағаз да көрсеткен жоқ. Осындай қылық үшін бір футболшыны жазаласа, басқасында жазалау керек!

- ТБК-нің бұл шешіміне клуб қарсылық білдірді ме?

- Әрине! Жеті кездесу дегеніміз – жарты маусым.

- Сонда төреші әдейі істеді ме?

- Білмеймін. Мен былай деп айттым төрешіге: «Бүйтіп өз анаңа ысқырасың». Жеке басына тиіскен жоқпын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;