русский язык
Футбол

Қазақстандық клубтарға кімдер қарсылас болуы мүмкін?

Қазақстандық клубтарға кімдер қарсылас болуы мүмкін?

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның бас пәтерінде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңдеріне жеребе тарту рәсімдері өтті.

Егер екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтер болса, ел чемпионы "Ақтөбе" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Стромсгодсет» (Норвегия) – «Стяуа» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еуропа лигасында "Астана" Кипрдің Ларнака қаласында оқыс жағдайға ұшырап қалмаса, онда ол үшінші іріктеу кезеңінде «Линфилд» (СОлтүстік Ирландия) – АИК (Швеция) жұбының жеңімпазымен текетіреседі.

Сол сияқты «Шахтердің» де үшінші іріктеу кезеңіне өтетін мүмкіндігі мол. Егер солай болса, онда "кеншілер" «Дондолк» (Ирландия) – «Хайдук» (Хорватия) жұбының жеңімпазына қарсы тұрады. 

Ал Алматының "Қайрат" түзде Данияның "Эсбьерг" клубына қарсы сәтті ойнаса, онда үшінші іріктеу кезеңінде оңтүстік астаналықтарды «Вадуц» (Лихтенштейн) – «Рух» (Польша) жұбының жеңімпазы күтіп тұр.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;