русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Эсбьергке» қарсы қорғану оңай емес»

Владимир Вайсс: «Эсбьергке» қарсы қорғану оңай емес»

УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Қайрат» - «Эсбьег» арасындағы алғашқы кездесуден кейіңгі баспасөз-мәслихатын Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

«Қайрат» командасының бас бапкері Владимир Вайсс:

- Қарсыласты бағалар болсам, олар халықаралық тәжірбиесі бар, жинақы әрі жылдам өнер көрсететін команда. Бірақ біз қақпамызға гол жібермей, өзімізге қолайлы нәтижеге қол жеткізгіміз келді. Соңғы бес минут түсініксіз өтті, бірнеше өрескел қателіктер жібердік. Таблода 1:0 есебі тұрғанда біздің ойыншыларда екі жақсы мүмкіндіктері болды, алайда пайдалана алмадық.

Әрине, нәтижеге көңілім толмайды. Матч соңындағы кейбір футболшылардың тәртібіне де баса назар аудардым. Тактикалық тұрғыдан өзгеріс енгізу керек болды, сондықтан Гурманды қапталға шығаруға мәжбүр болдым. Доп біздің алаңнан шықпай қойды. Командада әлі көптеген жұмыстар жүргізу керек. Бізде осындай дарынды ойыншылар бар екеніне қуаныштымын, алайда ойын соңында берілмей, аяғына дейін бос жерлерді жауып ойнау керек еді. Әрине қазір ашу үстіндемін. Бүгін футболшылар мақтауға тұрарлықтай ойын көрсетті. "Эсбьергке" қарсы ойнау өте қиын, ойыншылары жылдам ашылып, тез шабуыл жасайды. Алда қарымта кездесу бар, сол матчта "Эсбьерг" фаворит ретінде саналады. Бірақ біз тосын сый жасауға тырысамыз, қол қусырып отырмаймыз. Бүгінгідей ойын өрнегін көрсетпекпіз. Бірінші нөмермен ойнаймыз деп ойламаймын, алайда гол соғу қажет. Әр қимылды ақылға салып, тиянақты ойнаймыз, мүмкін бір нәтиже шығып қалар. 

 

 

«Эсбьерг» командасының бас бапкері Нильс Фредериксен:

- Тең нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Былай алғанда, бүгінгі нәтиже әділетті. Қарсыласымыз гол соққаннан кейін, біздің ойыншылар берілмей соңына дейін күресті. Соның арқасында соңғы минуттарда гол соқтық. Қарсыласымыз жақсы ойнады. «Қайрат» - сапалы ойын өрнегін көрсететінін білеміз. Физикалық тұрғыдан біз күткеннен әлде қайда мықты болып шықты. Ал пенальтиге келер болсақ, бәрі әділетті.

Сіздердің жанкүйерлеріңіз керемет қолдау көрсетті, стадиондарыңызда маған ұнады. Ал өз алаңымызда тек қана жеңіс үшін ойнаймыз.

 

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;