Гамбургтегі турнирдің алғашқы жартылай финалисі анықталды
![Гамбургтегі турнирдің алғашқы жартылай финалисі анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1405694551_702067430.jpg?v=28695820)
17-жастағы германиялық теннисші Александр Зверев отандасы Тобиас Камкені тізе бүктірді.
2 сағат, 6 минутқа созылған матч 0:6, 7:5, 6:3 есебімен аяқталды. Осы айда олар екінші рет кездесуде және алда Александр – 2:0.
Жартылай финалда Зверев Давид Феррер (Испания) – Пабло Андухар (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.