русский язык
Футбол

«Кеншілер» «Дандолк» – «Хайдук» жұбының жеңімпазымен кездеседі

«Кеншілер» «Дандолк» – «Хайдук» жұбының жеңімпазымен кездеседі

Былтырғы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен қарағандылық «Шахтер» үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады.

Виктор Кумыков шәкірттері литвалық «Атлантасты» жеңсе, еурокубоктағы саяхатын жалғастыра бермек. Осылайша, Константин Сарсания командасын жеңе алса, «кеншілер» «Дандолк» (Ирландия) – «Хайдук» (Хорватия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

«Шахтердің» болашақ қарсыластары арасындағы матч хорваттардың сырт алаңдағы жеңісімен аяқталды – 2:0.

Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары 31 шілде мен 7 тамызда өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;