русский язык
Футбол

«Ақтөбе» болашақ қарсыластарын анықтады

«Ақтөбе» болашақ қарсыластарын анықтады

Бүгін Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе рәсімі өтті, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

«Ақтөбе» грузиялық «Динамоны» артта қалдыратын болса, келесі кезеңде норвегиялық «Стромсгодсетпен» немесе атақты румыниялық клуб «Стуяамен» кездеседі. Ақтөбеліктердің болашақ қарсыластары арасындағы алғашқы матч румындардың пайдасына шешілді – 1:0.

Біздің чемпиондар да үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алуға тамаша мүмкіндік алып отыр. Сырт алаңда Неконың голы арқасында тбилисилік «Динамоны» жеңгеннен кейін, өз алаңында ұтылмаса болғаны.

Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 29 және 30 шілдеде өтеді, ал қарымта кездесу 5 немесе 6 тамызда болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;