Оңтүстік астанада су добынан әлем кубогы өтеді
![Оңтүстік астанада су добынан әлем кубогы өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1405673372_277752902.jpg?v=28695684)
19-24 тамыз арасында 8 құрама Алматыда су добынан әлемдік кубокты сарапқа салады.
Дода RakhatFitness спорт кешенінде өтеді. Қазақстан құрамасы «Б» тобында ойнайды.
Турнир қатысушылары төмендегідей топта жайғасты:
«А» тобы: ОАР, АҚШ, Черногория, Сербия;
«Б» тобы: Хорватия, Қазақстан, Аустралия, Венгрия.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
19 тамыз 17:40 – Қазақстан – Аустралия;
20 тамыз 17:40 – Қазақстан - Венгрия;
21 тамыз 17:40 – Қазақстан – Хорватия.
Өз тобында бірінші және екінші орындарды еншілеген командалар ширекфиналда келесі топта үшінші, төртінші орын апған құрамаларымен кездеседі.