русский язык
Хоккей

«Арыстан» сапына Томаш Гричина қосылды

«Арыстан» сапына Томаш Гричина қосылды

Теміртаулық «Арыстан» хоккей клубы 23 жастағы шабуылшы Томаш Гричинаның команда сапына қосылғанын растап отыр, деп мәлімдей kazsporttv.kz сайты.

Словакиялық жас хоккейші «Кошице», «Регина Пэтс» (Батыс хоккей лигасы), «46 Бардеев» және «Банска Быстрица» сияқты командаларда ойнаған.

Ал, өткен маусымды Словакияның екінші лигасындағы «46 Бардеев» командасында 57 ойын ойнап, 73 (26+47) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;