русский язык
Футбол

Кумыков: «Бұдан да жақсы нәтижені қалап едік, бірақ «Қайратқа» қарсы көп күш салып қойдық»

Кумыков: «Бұдан да жақсы нәтижені қалап едік, бірақ «Қайратқа» қарсы көп күш салып қойдық»

 

Назарларыңызға «Атлантас» пен қарағандылық «Шахтердің» кездесуінен кейінгі «кеншілердің» бас бапкері Виктор Кумыков қатысқан баспасөз мәслихатын ұсынамыз.

 – Тең есеп, жалпы айтқанда, жаман емес. Өз алаңымызда гол соғып, жеңіске жетуге мүмкіндік бар. Бүгін де жақсы нәтижені қалап едік, бірақ менің командам «Қайратқа» қарсы кездесуге көп күшін салып қойды. Енді арада бір апта бар, сондықтан жақсылап дайындалу қажет.

 – «Атлантас» таң қалдыра алды ма?

 – Ерекше ештеңе көре алмадық. Біз болжаған ойын мәнерінде ойнады.

 – Ауа-райы ойынға өзгерістерін тигізді ме?

 – Жоқ, бәрі жақсы. Менің шәкірттерім жақсы ойнады, бірақ, жоғарыда айтқанымдай, «Қайратқа» өарсы матчқа көп күш бердік.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;