русский язык

Чемпиондар 35 миллион доллар сыйақы алды

Чемпиондар 35 миллион доллар сыйақы алды

Әлем чемпионатының жеңімпаздары Германия құрамасы қомақты көлемде сыйақы алды.

Мундиалдағы жеңісі үшін Германия құрамасы 35 миллион доллар, ал аргентиналықтар 25 миллионды қалталарына басты. Голландия командасы 22 миллион доллар еншіледі. Бразилия аспаны түрлі-түсті отшашуға бөленді. Айта кетсек, футболдан 20-сыншы әлем чемпионаты мәңгі есте қалмақ. Рекордты жаңартып, 3,5 миллионнан астам адам спорттық нысандарға бас сұққан. Қосымша уақытты қажет еткен матчтар саны бойынша да футбол додасын қабылдаған рекордсмен мемлекет ретінде тарих парақтарына жазылмақшы. 

Бұған дейін Германия құрамасы 3 рет әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, неміс футболшылдары төрт мәрте күміс пен қола медалді мойындарына таққан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;