русский язык
Футбол

«Астана» мен «Хапоэль» арасындағы қарымта матчтын өтетін жері белгісіз

«Астана» мен «Хапоэль» арасындағы қарымта матчтын өтетін жері белгісіз

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана»-«Хапоэль» қарымта кездесуінің өтетін орны әлі белгісіз, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан».

«Команда кездесуге дайындалып жатыр, бүгін ойын алдындағы жаттығуын өткізді. Қарымта ойын жайлы әлі ештеңе белгісіз. Израиль мемлекетіндегі саяси қақтығыстың кесірінен қарымта матчы басқа елде өтуі мүмкін. Десек те, УЕФА әлі шешім қабылдаған жоқ», - деді елордалық клубтың баспасөз-қызметкері Дмитрий Нестеренко.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының «Астана» - «Хапоэль» арасындағы бірінші ойыны Тель-Авивте өтуі керек болған, алайда УЕФА Израильдегі саяси жанжалға байланысты бірінші матчты Астанаға ауыстырды.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;