русский язык
Футбол

«Шахтер» сырт алаңда Литваның «Атлантас» клубымен кездеседі

«Шахтер» сырт алаңда Литваның «Атлантас» клубымен кездеседі

Бүгін қазақстандық футбол командалары Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын бастайды, деп мәлімдейді 24.kz сайты.

Қарағанды «Шахтері» сырт алаңда Литваның «Атлантас» командасымен кездеседі. Виктор Кумыковтан тәлім алатын жерлестеріміз бүгін Клайпеда қаласында ойын алдындағы жаттығуларын өткізді. «Шахтер» матчқа тас-түйін дайын дейді бас бапкер. Команданың төрт көзі түгел. Тек кеншілер сапында жартылай қорғаушы Мақсат Байжановтың ойынға қатысуы белгісіз. Футболшының жағдайы ертең белгілі болады.

«Әрине бұл ойыншылар «Ширак» командасынын өзгеше. Ондағы ойыншылар техникаға басымдық беретін. Ал «Атлантас» футболистері күшпен алады», -  Виктор Кумыков  «Шахтер» ФК бас жаттықтырушысы.

«Атлантас» пен «Шахтер» арасындағы кездесу бүгін Астана уақытымен 22:00-де басталады. Қарымта ойын 24 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;