русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Жанкүйерлер үшін ойнаймыз»

Владимир Вайсс: «Жанкүйерлер үшін ойнаймыз»

УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында өтетін даниялық «Эсбьергке» қарсы кездесу алдында «Қайрат» футбол клубының ойын алды баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз.

«Қайрат» командасының бас бапкері Владимир Вайсс: 

- Өткен маусымда Еуроалаңда талай тосынсый жасаған, Еуропа лигасында жақсы өнер көрсеткен  мықты қарсыласпен ойнайтынымызға қуаныштымыз әрі тағатсыздана күтудеміз. Әрқашан 50-де 50 мүмкіндік болады. Алдағы ойын біз үшін өте қиын болмақ, өзіміздің сүйікті ойымызды көрсетеміз. Бар өнерімізді көрсетіп бағамыз. Албаниядан бірден Қарағандыға ұшып келдік. Алматыға оралғанда әдеттегіден екі күн бұрын жиналдық. Өйткені үйде ұзақ уақыт болмадық. Қарсыласымыздың қатысуымен бірнеше видео көрдік әрі бір жағынан демалдық. Қарсылас команда туралы бар білетінімізді ортаға салдық. Элетрондық почтада әр ойыншының өзінің міндеттері бар. Жігіттер талпынуда, жақсы жұмыс істейді. Алдағы ойын бәріміз үшін,  әсіресе жанкүйерлер үшін өте қызықты болмақ.

Риера ойыннан шеттетілуенен тағы бір матчты жібереді. Аслан Дарабаев әлі толыққанды жарақатынан айыққан жоқ. Ол жүз пайыз дайын болғандығын күтеміз, тәуекелге барғымыз келмейді.

Қазіргі таңда барлық ойын бізге маңызды. Ертең жанкүйерлер келіп бізге қолдау көрсетеді, бұл бізге күш береді. Эмоцияға берілу қажет, бірақ таза баспен жұмыс жасау керек, өйткені бұл Еурокубок.

Біздің қосалқы құрам жақсы жасақталған, әркезде құрамды өзгертуге болады. Алайда барлығында сәтті шықпайды. Мен жігіттерге «Шахтерден» жеңілгенімізге өзім кінәлі екендігімді айттым. Өйткені мен алаңға шыққан құрамды дұрыс өзгертпедім. Әлі бір бірін толыққанды түсіне алмаған Риера, Исаэл мен Байтананы шығардым. Бірақ бүгін келесі кезеңге шығаратын сәтті құрам жасақталады деп сенемін.

Қарсылас команда жас ойыншылардан жасақталған, бірақ тәжірбиелі капитаны бар. Гол соғатын бірнеше мықты футболшылары бар. Бастысы біз шабуылда қалай ойнайтынымызға байланысты. Бір-екі қимылмен ойнау қажет. Әрине, қаосыласымыз физикалық тұрғыдан мықтырақ, өте жинақы ойын көрсетеді. Бірақ әр кездесуге бірнәрсе ойлап табуға болады. Дәл қазір олар бізге, біз оларға қарсы дайындалып жатырмыз. Біздің команда жақсы, ешікімді бөліп-жарғым келмейді. Бәр бір нәтижеге жету үшін еңбектенеді.

 

«Қайрат» командасының капитаны Самат Смақов:

- Өткен кезеңдегі қарсыласымызға қарағанда, бұл жолғы қарсыласымыз мықты әр жақсы чемпионатта ойнайды. Кеше бізге жекелей түрде тапсырмалар берілді. Бапкерлер бізбен не күтеді, соны орынадуға тырысамыз. Өз алаңымызда ойнағандықтан жанкүйерлерк көп келеді деп сенемін. Олардың үмітін ақтауға барымызды саламыз.

Біздің команда – бұл үлкен әрі тату отбасы. Бірақ бұл қиын, еркек күнде бір бірін көреді. Алайда бізде бәрі тату. Бәріміз бір өмірмен, бір ойынмен өмір сүреміз.

Біздің ойын жекелей жұлдыздардың арқасында емес, бірлігі жарасқан ұжымның жемісі. Жасыл алаңға шыққанда командадағы 40 адам үшін күресеміз. 

Бапкеріміз сөзімді растай алады, біз әр жаттығуда бір бірімізді жаңадан көргендей құшақтасып, қалжыңдасамыз. Және бұл үлкен көмек болары сөзссіз.

 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойын 17-шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында болады. Басталуы – 20:00-де. Қарымта ойын 24-ші шілде күні Дания елінде өтеді.

«Қайрат» футбол клубының баспасөз-қызметі.

 

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;