русский язык
Футбол

Бүгін Еуропа Лигасы!

Бүгін Еуропа Лигасы!

Бүгін Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі басталады. «Қайрат» «Эсьберг» командасын қабылдаса, елордада «Астана» «Хапоэльмен» күш сынсады. Ал қарағандылық  «Шахтер» сырт алаңда «Атлантасты» жеңуге тырысады.

Жаңа маусымның бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық үш клуб – «Шахтер», «Астана» және «Қайрат» алғашқы ойындарын өткізген болатын және де үкілеп қосқан үш командамызда келесі айналымға жолдама алды. Бүгін сол жеңісті серия жалғасын таппақ деп ойлаймыз.

Екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойынын «Қайрат» пен «Астана» өз алаңында, ал «Шахтер» сырт алаңда өткізеді. Алматылық ұжым даниялық «Эсьберг» командасымен, елордалық «Астана» израильдің «Хапоэль», қарағандылық «кеншілер» литвалық «Атлантаспен» кездеседі.

«Қайрат» - «Эсьберг»  ойыны Астана уақытымен 20:00-де,  «Астана» - «Хапоэль» - 19:00-де басталады. «Атлантас» - «Шахтер» кездесуі 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;