русский язык
Бокс

Astana Arlans-тың WSB бесінші маусымындағы қарсыластары анықталды

Astana Arlans-тың WSB бесінші маусымындағы қарсыластары анықталды

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» бүгін бесінші маусымдағы қарсыластарын анықтады.

Жеребе тарту қортындысы бойынша «Astana Arlans» боксшылары В тобында өнер көрсететін болды. Олармен қатар бұл топта Argentina Condors (Аргентина), Venezuela (Венесуэла), USA KnocKouts (АҚШ), Italia Thunder (Италия), Azerbaijan Baku Fires (Әзірбайжан), Poland Hussars (Польша) командалары бар. Тағы бір команда кейінірек белгілі болады

A тобына Ukraine Otomans (Украин), Russia Boxing Team (Ресей), Germany Eagles (Германия), Algeria Desert Hawks (Алжир), Cuba Domadores (Куба), Mexico Guerreros (Мексика) және Марокко мен Қытай командалары түсті.

Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші кезеңі 2015 жылдың 8-ші қаңтарында басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;