Хави ақшалай төлем алғысы келеді
![Хави ақшалай төлем алғысы келеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1405519232_73559125.jpg?v=28697735)
«Барселона» клубының түлегі Хави туған командасынан кетерден бұрын ақшалай төлемді алғысы келеді, деп мәлімдеді championat.com.
34-жастағы испандық футболшы жазда каталондық команда сапынан кетуді ұйғарды. Қазіргі таңда MLS-тің кейбір клубтары Хавиге қызығушылық танытуда. Футболшының «Барселонамен» әлі 2 жылдық келісімшарт мерзімі бар, ол осы уақыт ішінде € 24 млн аулы тиіс. Хави басқа клубқа ауысқан жағдайда осы ақшанын жартысын алуға ниетті.