русский язык
Теннис

Михаил Кукушкин Гамбург додасын сәтті бастады

Михаил Кукушкин Гамбург додасын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан «bet-at-home Open» турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Кукушкин бірінші кезеңде әлемнің 141-ші ракеткасы түркиялық Марсель Ильханмен кездесті. Бір сағатқа созылған бәсекеде 6:2, 6:2 есебімен Михаил жеңіске жетті.

Михаил Кукушкин келесі айналымда турнирдің бірінші ракеткасы испаниялық Давид Феррермен кездеседі.

Ал, Андрей Голубев бірінші айналымда француз Бенуа Пэрден - 6:1, 1:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;