русский язык
Велоспорт

«Тур де Франс». Контадор жарыс жолынан шығып қалды

«Тур де Франс». Контадор жарыс жолынан шығып қалды

Ресейлік «Tinkoff-Saxo» велокомандасының капитаны испаниялық Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды.

Атақты испаниялық велошабандоз мәреге 95 шақырым қалған кезде құлап қалған. Спортшы жедел-жәрдемді күтіп, уақытын жоғалтып алғандықтан турнирді ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Медициналық көмек көрсетілген соң велошабандоз қатарға қайта қосылғанымен көп ұзамай жарыстан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің (2007, 2009) екі рет жеңімпазы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;