«Сарыарқа» сапын қос латвиялық шабуылшы толықтырды
![«Сарыарқа» сапын қос латвиялық шабуылшы толықтырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1405397886_420990010.jpg?v=28695822)
«Сарыарқа» хоккей клубы латвиялық қос жас шабуылшыны қатарына қосты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
20-жасар Артур Кузьменков ригалық «Динамо» сапында 20 мәрте ойынға қатысып бір рет нәтижелі пас берген. Тағы да «Рига» клубының сапында 33 рет мұзайдынына шығып 35 (8+27) ұпай жинаған.
21-жасар Рустам Бегов «Динамо» сапында 35 матчқа шығып 4 (2+2) ұпай жинаған.