русский язык
Велоспорт

«Тур де Франс». Нибали 8-ші кезеңде үшінші келді

«Тур де Франс». Нибали 8-ші кезеңде үшінші келді

12-ші шілде күні «Тур де Франс» көпкүндігінің алтыншы кезеңі болып өтті. Велошабандоздар Томблен – Жерардме ля Мозлен бағыты бойынша 161 шақырымды басып өту тиіс болды.

«Тур де Франстың» 8-ші кезеңінде «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали үшінші болып келді. Қашықтығы 161 шақырым болған бұл кезеңде «AG2R» клубының өкілі француз Блель Кадри бірінші болып келді.

Одан 2 минут 17 секунд қалып келген «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы (2007, 2009) Альберто Контадор («Tinkoff-Saxo» командасы) екінші болды.

Ал, «Астана» капитаны италиялық Винченцо Нибали мәре сызығын үшінші, австралиялық Риччи Порт төртінші болып кесті. Жалпы есепте «Астана» велоұжымының өкілдері Винченцо Нибали мен Якоб Фульсанг бірінші және екінші орында келе жатыр.

 

«Тур де Франс» велододасы. Сегізінші кезең қорытындысы

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 29:57:04

2. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 1:44

3. Ричи Порт (Австралия, Sky) – +1:58

4. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma-Quickstep) – +2:26

5. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – +2:27

6. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – +2:34

26. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +8:13

52. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – +29:47

56. Льюве Вестра (Нидерланды, Astana Pro Team) – +30:38

77. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – +40:37

122. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – +53:43

131. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – +57:40

179. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – +1:16:53


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;