русский язык
Футбол

Владимир Белявский: «Жеңіске жетуді қаладық»

Владимир Белявский: «Жеңіске жетуді қаладық»

«Атырау» клубының бас бапкері Владимир Белявский «Қайсарға» қарсы өткен матч туралы пікірін айтты.

«Жеңілістен кейін бірнәрсе айту қиын. Жеңіске жетуді қаладық, қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттер көп туындаттық. Алайда қарымта шабуылдарда гол жіберіп алдық. Үшінші голды өткізгенде жіпсіз байлаулы күйде болғандаймыз. Басқа ештее айта алмаймын», - Белявский клубтың ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Атырау»  «Қайсарға» 1:3 есебімен жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;